Ертаевтың ісі бойынша Асылбек Игілман ұсталды

/uploads/thumbnail/20180827094149956_small.jpg

2018 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы соттың санкциясы бойынша «RBK Bank» АҚ бұрынғы басқарушы директоры Асылбек Игілманды тұтқындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ол «RBK Bank» АҚ директорлар кеңесі өкілінің бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевпен сөз байласып, заңсыз несие ресімдеу арқылы банктің 850 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражаттын жымқырды деген күдікке ілікті», - делінген хабарламада.

♦"Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак

♦Мәскеуде ұсталған кәсіпкер Жомарт Ертаевтың әйелі сырттай тұтқындалды

Асылбек Игілман бұл қаражаттың 15 мың теңгесі бар депозиттік есепті кепілдікке ұсынып, 2013 жылы алған. Ұрланған қаражаттар банктің топ-менеджменті және жұмысшылары арасында бонус түрінде бөліске салыныпты. Асылбек өзінің үлесіне Алматы қаласының қымбат ауданынан 288 миллион теңгенің үйін салып алған, алайда қазір оның үйі де арестке қойылды. Бұрын бұл  банктің топ-менеджерлері - Данияр Туғанбай, Данияр Едігенев, Руслан Батырбаев және Бақыт Ибрагимдерді ұсталған болатын. Олар өз айыбын мойындап, келтірілген залалды өтеуге атсалысып жатыр.

 

Қатысты Мақалалар