Астанадағы ет сөресінде егеуқұйрық кезіп жүр (видео)

/uploads/thumbnail/20170708174134307_small.jpg

8 Наурыз. Qamshy.kz - Жақында Астана қаласының тұрғындары Елорда базарларының бірінде орналасқан кәуап орталығының сөресіндегі еттер арасында табандай егеуқұйрықтың кезіп жүргенін ұялы телефонға түсіріп алған. Кейін бейне жазба авторлары аталмыш жазбаны You Tube желісіне салған. Базар маңынан өтіп бара жатқан тұрғындар кәуап еттері тұрған сөренің ішінде емін-еркін кезіп жүрген, тіпті адамдардан жасқанбайтын егеуқұйрықты әуесқой камера арқылы бейнеге түсірген. Интернет қолданушылары арасында қызу пікір-талас тудырған аталмыш жазбаны Ермек Қойшыбаев (Yermek Koishubayev) есімді Елордалық азамат  өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялаған. Қойшыбаевтың айтуынша, бұл Астана қаласындағы "Әлем" және "Артем" базарларында сауда үйлерінің бірі болуы мүмкін. Тіпті, Қойшыбаев кәуаптар тізілген сөре ішіндегі егеуқұйрықты "Рататуе" деп атаған екен.

https://www.youtube.com/watch?v=E5YEd-mmtiM

Ал, Рататуе "Уолт Дисней" шығарған мультфильмінде кездесетін атақты Париж асханаларының біріндегі аспаз егеуқұйрық болатын.

Әзірге, аталмыш мәселеге қатысты ешқандай іс қозғалмаған. Алайда, қоғамдық орындарда санитарлық тазалықты сақтамаған кәуап орталығы мен базар басшылары мұндай өрескел тәртіп бұзғаны үшін заң алдында жауап беруі тиісті,деп есептейді базар басшыларының әрекетіне ашуланған астаналық тұрғындар.

Расында, түрлі инфекциялар мен жұқпалы індеттерді таратушы әрі тасымалдаушы хайуан екені әмбеге аян. Ұзындығы 15-50 см аралығындағы, құйрығы ұзын егеуқұйрықты залалсыздандыру, қандай да бір жұқпалы аурулардың таралмауын қатаң бақылауға алу секілді  жұмыстарға бірден-бір  жауапты мекеме - Астана қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бөлім қызметкерлері болмақ. Қазнет тұтынушылары арасында аса кең танымалдылыққа ие бола қоймаса да қоғамдық орынның ет сөресін еркін кезіп жүрген егеуқұйрықтың "көз жоймаса", арты жұқпалы ауруға ұласпасына кім кепіл?!

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар