Түймебаев Айшолпанға 1 млн теңге сыйлады

/uploads/thumbnail/20181026204321203_small.jpg

Шардара ауданы «Аққала» демалыс аймағының жағалауында  алғаш рет «SAFARI SHARDARA» атты фестиваль өтті. Айтулы шарада өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фестиваль балық аулаушылар жарысымен басталды. Кейін халықаралық деңгейдегі сайыстарға ұласып, бір сәтте бірнеше спорт түрлерінен жарыс өтті. Атап айтқанда, қазақша күрес, желкенді қайық, академиялық есу, жағажай волейболы мен футболы, қол күресі, гир көтеру, арқан тарту, бөренге өрмелеу, қошқар көтеру сынды жарыстардан сайыпқырандар бақ сынады. Сондай-ақ, қонақтар Шардара ауданының тарихымен, ауыл шаруашылығы өнімдері және ұлттық қолөнер көрмесімен танысты.

Аталмыш шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызын арнайы 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапаттады. 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар