Мәдениет министрлігінің лауазымды қызметкері үйқамаққа алынды

/uploads/thumbnail/20181027161740278_small.jpg

Аса ірі көлемде пара алды деген Мәдениет министрлігінің қызметкері үйқамаққа алынды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасының дерегіне сүйеніп. 

Осыған дейін Мәдениет және спорт министрлігінің бірнеше лауазымды қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Олардың арасында министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев қана үйқамаққа алынған. Алайда 46 жастағы шенеуніктің параны кімнен, не үшін және қанша көлемде алғаны әзірше жарияланбай отыр. 

♦ Мәдениет және спорт министрлігі: Тергеу ісі бітпей министрліктің қызметкерін айыптай алмаймыз

Бір анығы, Еренай Дәржібаев параны Астанадағы қымбат мейрамханалардың бірінде алған. Кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, ауызбастырықтың көлемі 14 миллион теңге. Алайда, Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұл мәліметті растаған да, теріске шығарған да жоқ. Ал басты күдікті Дәржібаев Мәдениет және спорт министрлігінде әкімшілік департаментін басқарып қана қоймай  Этика жөніндегі уәкіл қызметін де қоса атқарған. Яғни ведомство қызметкерлерінің  жемқорлыққа жоламауын  қадағалапты. Енді өзі шатылып жатқан лауазымды шенеунік 24 желтоқсанға дейін үйқамақта отырады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар