Жас буынды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде ұлттық маңызы бар қасиетті де киелі орындарының маңызы айрықша. Солардың бірі - Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында туған жердің тарихын терең білумен қатар одан да маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға болмайтынын ерекше атап көрсеткен еді. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналдары Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен танысты.

Экскурсия өткізу және көпшілікпен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі М.Д.Абуованың айтуынша облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1924 жылы құрылған, мұражай 19 ғасырдың соңында салынған сәулет өнерiнiң ескерткiштерi болып есептелетiн бiрнеше ғимараттарда орналасқан. Мұражай экспозициясы бұрынғы коммерсант Т.Л. Аркельге тиесiлi үйде, сонымен қатар көпес Стреловтың үйiнде және дүкенiнде орналасқан екен.

Солтүстiк Қазақстанның бай тарихымен танысу барысында мұражай экспозициясының 13 залымен жүріп өттік, бұл жерде Солтүстiк Қазақстанның археологиялық зерттеулерiнiң материалдары, өлкемiздiң көне тарихы бойынша тамаша жәдiгерлері, Петропавл қ. пайда болуы және дамуы, 20 ғ. 90-шы жж. басындағы өлке тарихымен экскурсовод Н.В.Копотилова таныстырды. 2 залдың жаңа экспозициясы жасалған екен бұл жерде «Қазақ мемлекеттiлiгiнiң құрылуы және қалыптасуы. Қазақ этнографиясы» және «Тәуелсiздiк жылдарындағы СҚО тарихы» экспозицияларына шолу және тақырыптық экскурсияны К.А.Мусенко жүргiздi. СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Д.Толыбай:
- Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында СҚО тарихи-өлкетану мұражайына барған сапарымыз туған өлкеміздің тарихын кеңінен тануға және ұлттық құндылықтарымызды ардақтауға, сондай-ақ отансүйгіштік пен елжандылық қасиеттерге тәрбиелейді" - деп сөзін қорытындылады.

Жалпы, мұражай қорында 350 мыңнан астам жәдiгері бар. бұл жерде әр түрлi мұражай-танымдық «Өткенге жолдар» жобасы бай археологиялық топтамалардың негiзiнде өлкемiздiң көне тарихын насихаттау мiндеттерiн шешедi, «Туған табиғаттың тазалығы үшiн» жобасы туған табиғат туралы тереңдете бiлу, оған сақтықпен қарауды шешедi, қоршаған ортаны қорғауды қалыптастырады, «Дәстүрiмiздi сақтайық» жобасы СҚО тұратын әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң бай мәдени мұрасы, «Мәңгiлiкке қадам басқан» жобасы Ұлы Отан соғысы туралы, және 20 ғасырдың соғыстарын, сондай-ақ ядролық қару сынақтары туралы, «Халық күнтiзбесiнiң мерекелерi» жобасы әр түрлi халықтардың салт-дәстүрлерi, әдет-ғұрыптарымен таныстырады, әр түрлi этностардың мәдениетiне құрметпен қарауға баулиды.