«Ақ жол» фракциясы Президенттің Жолдауына сүйене отырып, Үкіметке «Бизнестің жол картасы» құралдарын кеңейтуді ұсынады. Онда жаңа құрылғылардың, тарифтердің бағасын субсидиялау кірмек. Азат Перуашев осындай мазмұндағы хатты премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдады.
Мәселе Президенттің бұған дейінгі Жолдауындағы «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында болып отыр.
«Ақ жол» фракциясының мәлімдеуінше, ба бағдарламаның ішінде дәл осы «Бизнестің жол картасы» тиімді әрі бизнес саласында сұранысты талап етеді. Фракция депутаттарына аталмыш бағдарламаны қаржыландыру аясын кеңейтуді ұсынып өтініш жасағандардың қатары көп болған. Ал 3 қаңтарда «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын қаржыландыру процесі тоқтап қалған. Осыған орай депутаттар бағдарламаны қаржыландыруды 13 миллиард теңгеге ұлғайтуды ұсынды.
«Сол себепті қосымша бесжылдық пен бағдарламаны қаржыландыру жоспары Президентке ең оңтайлы тәсілмен жеткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев та бұл мәселеге бей-жай қарамайтыны анық, іскерлік тұрғыдан бағдарламаға жылына 30 миллиард теңге бөліп, 22 мың жаңа жұмыс орны құрылады, мемлекетке әжептеуір табыс келетін болады», - делінген хатта.
Бұған қоса «Ақжолдықтар» бағдарламаға қатысты құралдарды, жалпы жоғарыда аталған бизнестің несиелерін субсидиялауды қысқарту туралы мемлекеттік органдардың ұсынысына алаңдаушылық танытып отыр.
«Біз шенеуніктердің кәсіпкерлік тұрғысының түсініспеушіліктерінен туған ұсыныстардың қабылданбауы үшін мұндай фактілерге тап болмаудың жолдарын қарастырамыз. «Ақ жол» партиясы Елбасының Жолдауына сүйене отырып, керісінше, Үкіметке «Бизнестің жол картасының» құралдарын кеңейту туралы ұсыныс тастайды» , - деді Азат Перуашев журналистерге берген сұхбатында. Оның ойынша, банк несиелерін емес, кәсіпорынды модернизациялау үшін қажетті техника мен жабдықтардың субсидиялаған әлдеқайда тиімді.
Сонымен қатар фракция басшысы шетелдік бизнеске «ұшып жатқан» ақшаны сынады. 2017 жылы 23 қазандағы бюджетті талқылағанда Біздің ішкі нарықтан шетелге 40 миллиард доллар кеткен екен. Ал Перуашев сол қаржыны мемлекетке қолдау ретінде қазақстандық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге бөлуді тапсырды.
Мемлекет басшысының Жолдауының өзі осы мәселені шешуге шақырады. Аяқ киім, тіс щеткасы, мектепке қажетті қалам-қарындаштар сынды қарапайым заттарды өндіру арқылы әр қала мен аудан орталықтарындағы шеберханалар мен цехтерде бар жабдықтар мен бастапқы кішігірім капиталды реттеуге мүмкіндік туады.
«Бизнесті дамытудың басты бағытының бірі логистикаға көп көңіл бөлу», - деді «Ақ жол» басшысы.
Осыған байланысты Елбасының Жолдауында монополистердің шынайы тарифтеріне де көңіл бөлу керектігі туралы айтылғандығын ескертті. Ауыл шаруашылығы саласындағы жылыдай басшылары да, өндіріс кәсіпорындарының басшылары тарапынан да фракцияға тарифтерге қатысты арыз түсіргендер көп болды. Оның үстіне мұндай тарифтерді субсидиялауды көршілеріміз бұдан бұрын-ақ бастап кеткен, бұл процесс өндірістің дамуына септігін тигізді.
Хатта белгіленгендей, Жолдаудағы талапқа сәйкес, «Бизнестің жол картасы» аясында халықаралық франшизаны ұлттық қолданыстағы тауарларды өндіру брендіне пайдалану керек. Азат Перуашев еуропалық елдердің мысалында мемлекеттік қолдауды ұсынатын жетекші халықаралық франшизалардың тізімін бекіту үшін Үкіметке ұсыныс жасады. Мұндай ұсынысты депутат 2017 жылдың 1 ақпанында жіберген.
Фракция, жоғарыдағы позициялардың Президенттің Жолауына сәйкес, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда пайдасы тиеді деп үміттенеді.