Жол полициясына 1000 теңге пара бергені үшін жүргізушіге 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Сонымен, Жамбыл облысы Қордай ауданы бойынша ауданаралық құрылымы бойынша ауданның 26 жасар тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша 676-бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, бұл тұрғыда “Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады”.
Әкімшілік жауапкершіліктен жалтару үшін құқықбұзушы Қордай аудандық ІІБ қызметкеріне 1000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық ұсынған.
Қордай аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 396 400 теңге айыппұл салынды. Сот мәжілісінде кінәлі өз қателігін толықтай мойындап, жіберген қателігі үшін өкінішін білдірді.
Айта кетейік, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 2015 жылдың 1 тоқсанында 6 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде төртеуі сыбайлас жемқорлық сипатында.
Пікір қалдыру