Қызылордада жаға ұстатарлық жағдай. Қаладағы №43 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі 2012-жылдан бері оқушы қыздарға қырғидай тиіп, анайы әрекеттер жасап келіпті.
Мұны прокурорлар айтып отыр. Ең сорақысы, 7-сыныпта оқитын қыздар бірнеше жыл бойы қорқыныштың құшағында өмір сүріп келген. Ал мұғалімнің жымысқы әрекеті жуырда ғана әшкере болды. Қазір оның үстінен қылмыстық кодекстің “жас балаларды азғындау” фактісі бойынша іс қозғалып, ол сотта қаралып жатыр.
Ата-аналардың шағымына сай қамауға алынған мұғалімнің мәселесі облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ауданаралық сотта қаралып жатыр. Процесс жабық есік жағдайында өтіп жатқандықтан оған қатысу мүмкін болмады. Ал күдіктімен жүзбе-жүз кездескен ата-аналар болса, соттан ашулы шықты.
“Мұғалім болып, ішіне кіріп алып, қыздардың өмірін ойрандаған. Жалғыз менің немерем емес. Жауып отыр, қалтасы қалың, біз кедейміз, біздің шамамыз келмейді, “сендер соқырсыңдар” деді бізге директор”, – дейді жәбірленушінің әжесі.
Ал мұғалімнен жәбір көрдік деп отырған оқушы қыздар бүгінде үреймен өмір сүріп жатыр.
“Шалбарын шешіп ұятсыз шетін көрсете бастады. Ұятсыз шетін ұстап тұрып, оң қолын есіктен шығарды да, қолыңды бер деді. Мен қорқып, артқа қарай шегінген кезде. Айбол есімді жаңадан келген мұғалім кіріп қалды. Өлімнің өзі аз шығар оған. Себебі ол бірнеше қызды солай қорлаған”, – дейді жәбірленуші.
Оқу жылының басында болған бұл оқиғаны 14 жастағы қыздың анасы кеш естіген. Ондада аталмыш мектептің мұғалімдері басшыларының үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсірген көрінеді. Сонда қызына жасаған айуандық әрекет баяндалған екен. Тәртіп сақшыларының аузынан естігенде “жүрегім сыздады”, – дейді Гүлзат.
Енді “дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ғана емес, қызымның болашағына бейжай қарағандар түгел жазалансын”, – дейді ол.
Егер мұғалімдер жазып, екі милиция келмесе, мен білмеймін, қызымның алдағы өмірі не болатынын да
“Директор осында отыра береді ма, сол орынға лайық па? Бұл білім ошағы педагогтар, мұғалімдер, білмеймін бәрі өмірін ешқандай ойламаған. Маған егер мұғалімдер жазып, екі милиция келмесе, мен білмеймін, қызымның алдағы өмірі не болатынын да Құдай біледі. Әділдік қайда, сонда сендер менің қызымды жылатып қойдыңдар, анасыңдар”, – дейді жәбірленушінің анасы Гүлзат Әлжанова.
Аталмыш мектептің директоры шу шыққан бойда қызметкерінің арыз жазып, жұмыстан өз еркімен кеткендігін айтты. Әзірге қалалық білім бөлімі де үнсіз. Олар сот үкімі шыққаннан кейін ғана мән-жайды түсіндірмек ниетте. Тек білетініміз, білім ордасының басшысына қатаң сөгіс жариялап үлгеріпті. Ал қылмыстық істің барысымен прокурорлар бөлісті.
“№43 орта мектептің дене тәрбиесінің мұғалімі 2012-2013 жылдары осы мектептің 7-сынып оқушысы, яғни 14 жасқа толмаған А.Ш деген азаматқа қатысты интелектуалдық сипатта және күш қолданусыз азғындық әрекеттерін жасаған. Сонымен қатар бұл дене тәрбиесі мұғалімі осы іс әрекеттерін 2014 жылы да осы мектептің 7-сынып оқушысы А.Ә-ға қатысты жасаған деректері анықталды”, – дейді Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры Асхат Әблязов.
Енді бұл істің соңғы нүктесін сот қояды. Ал мұғалімнің кінәсі дәлелденсе, кем дегенде 7 жылын түрмеде өткізіп, 20 жылға дейін педагогтық қызметімен қош айтысуы мүмкін. Прокуратураның мәліметінше, бұл биылдың үш айында тіркеліп отырған төртінші факті, ал былтыр 11 жасөспірім осыған ұқсас жайттың құрбаны болған.
Пікір қалдыру