АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын 11 жастағы оқушы ұл бала мектеп тақтасына ойша айна-қатесіз дүниежүзі картасын салып шықты.
Ерекше талант иесі мұғалімнің баласы болып шықты. Оны суретке қарындасы түсіріп алған. Картадағы түгел мемлекетті тақтаға түсіруге тырысқан ойын баласы бойы жетпегендіктен, тіпті орындыққа шығуға мәжбүр болған. Ал оның жадынан шыққан мемлекеттер шекара сызығына дейін дәлме-дәл үйлесімін тапқан. Суретші айдаладағы аралдарға дейін ұмыт қалдырмапты. Қабілетті баланың аутизм иесі екендігі анықталды. Суреттерді ғаламторға жүктеген оның әкесі ұлының мұндай тылсым өнеріне сүйсіне қарайтынын жасыра алмапты. Дәл осындай аутизмге ие британдық суретші Стивен Уилтшир 2009 жылы тікұшақтан Нью-Йорктің бейнесін қағазға түсірген болатын.
Пікір қалдыру