Г. Марченко: Еуразиялық экономикалық одақ ортақ вальютаға толық дайын емес

/uploads/thumbnail/20170708174222695_small.jpg

ҚР Ұлттық банктың  экс-төрағасы Григрий Марченко мырза  "Еуразиялық экономикалық одақ елдері ортақ вальюталық одақ құруға мүлдем дайын емес", деп есептейді. Ол бұл туралы "Россия-24" арнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

"Менің көзқарасымда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің ешқайсысы да ортақ вальюталық одақ құруға толық дайын емес. Бұл жайлы сөз қозғаудың өзі қазір ақылға сыйымсыз. Одаққа мүше елдерде макроэкономикалық  параметрлерді толық келісім-шарттарды толық орындағанда барып ортақ вальюта туралы сөз етуге болады. Әр елде Орталық ұлттық банктер құру, банктерді бақылайтын ұлттық ұйымдар құру, вальютаны қолма-қол ақшасыздандыруда эмитация жасау, сосын қолма-қол ақшаға эмитация жасау керек. Сосын барып, вальютаны ортақ жасауға болады. Ал дәл қазір, ортақ вальюта құру туралы сөз етпек түгілі, маңайына да жақын келе алмаймыз",-дейді Григорий Марченко мырза.

Экс-банкирдің айтуынша, еуразиялық одаққа мүше елдердің  орталық ұлттық банктері көбінесе серіктестердің мүдделеріне мән бермейді. Сондай-ақ, ЕАЭО елдері ортақ қаржылық координация жасалмағандықтан одақ аясындағы елдерде девальвация орын алып жатыр.

"Себебі, өткен жылдың желтоқсанында Ресейде рубль девалвацияға ұшырады, Беларусияда салықты 30 пайызға жоғарылатып жіберді. Ал Қазақстан курсты тұрақты ұстап қалды. Осы орайда Крыловтың "Аққу, шортан һәм шаян" деген мысалын еске түсіре кеткен жөн болар. Біздің одақтағы жағдайымыз дәл осы мысалдағыдай болып отыр ",-дейді экс-төраға.

Марченконың айтуынша, ЕАЭО аясында ортақ вальюта құру үшін макроэкономикалық параметрлерді, фискалды саясат пен еңбек нарығында ортақ келісімдер жасалуы керек.

"Біз мүлде дайын емеспіз. Біздің елдерде қаржы жүйелері де мүлде басқаша құрылған. Біздегі банк жүйелеріндегі қаржылық-несиелік саясатта өзгеше. Сондықтан, ортақ вальюта туралы сөз етуге ерте деп есептеймін",-дейді Марченко мырза.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар