Cәуірдің 12-сі күні ҚХР Іле Қазақ автономиялы облысының орталығы Құлжа қаласында "Іле қазақ күресі қоғамдық бірлестігінің" құрылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облысқа қарасты 3 аймақтатың 22 ауданы мен облысқа тіке қарасты қалалардан Қазақ спортына үлес қосып жүрген спортшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бірлестік төрағалары сайланып, құттықтаулар айтылды.
Бұған дейін облыс көлемінде мұндай бірлестік болмаған. Қытайдағы қазақ күресі той-томалақ пен аудан-ауыл көлемінен аса алмай жүрген-ді. Аталмыш бірлестік Күнес ауданындағы «Қазақша күрес» қоғамынан бастау алып обылыстық деңгейге көтеріліп отыр. Бірелстіктің қажырландыру мәселелерін ұлтқа және ұлттық спортқа жанкүйер азаматтар айналысады екен.
Бірлестік төрағасының орынбасары Нұрлан Дәлетханұлы айтуынша: "Бұл бірлестіктің құрылу мақсаты обылстағы қазақ спортын дамыту. Оның ішінде қазақ күресін қытайдың ел іші және халықаралық деңгейге жеткізіп, әрі қарай олимпиадалық деңгейге көтеру" екен.
Пікір қалдыру