Egov.kz порталы арқылы қазақстандықтар жұмысқа тұра алады

/uploads/thumbnail/20180613135658861_small.png

Қазақстанның экономикасын көтеруіп, бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жаңа жобаларды ұсынып отыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш бағдарлама ұсынған жобалардың бірі «EgovKzBot» телеграмм-боты. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ іске қосқан бот арқылы бұған дейін 13 мемқызмет пен сервис көрсетілген.

Анықтама, әлеуметтік мәртебені тексеру мен базалық зейнетақы төлемінің көлемі туралы ақпарат алу, емханаға тіркелу, дәрігерге жазылу және дәрігерді үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезекті брондау қызметтері сынды қызметтер қолжетімді еді. Енді бот арқылы өзіңізге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы біліп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивті қызметтерді алу мүмкіндігі туды. Яғни,  туу туралы куәлікке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдем­ақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою тіпті жеңілдей түсті. Бір артықшылығы барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкіндігі де қарастырылған. Egov.kz порталының мамырда іске қосылған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттік қызмет алды.

Қазақстандықтар бұл бот арқылы жұмыс іздей де алады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жұмыссыздар мен жұмыс берушілер үшін әзірленген @EgovKzBot (Telegram-бот) арқылы екі қосымша қызметті іске қосты, деп хабарлайды BNews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әрбір мүдделі тұлға (жұмыс беруші немесе ізденуші) "жұмыс табу" немесе "маман табу" деген қажетті команданы таңдау қажет. "Жұмыс табу" қызметін таңдау кезінде пайдаланушы жұмысқа орналасқысы келетін аймақты көрсету, сондай-ақ қалаған позицияны (талдаушы, мұғалім және т.б.) көрсету қажет", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, @EgovKzBot пайдаланушысы электрондық еңбек биржасының enbek.kz сайтынан тартылатын жалпы түйіндемелердің санын алады, сонымен қатар, көтеріліп отырған мәселелер бойынша нақты бір қорытынды беру үшін мекемеде тексеріс өткізу қажет екенін хабарлаймыз.

Жұмыс берушілерге "маманды табу" қызметі қажетті бос жұмыс орны (еркін толтыру) бойынша қызметкерді іздестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін тиісті аймақты көрсетіп, сұралған деректерді көрсету қажет.

Нәтижесінде мамандардың барлық тізімінен жеке карточкаларын қарап, тиісті кандидатураны сұхбатқа/сұхбаттасуға шақыруға болады.

Қатысты Мақалалар