Атырауда "Өз көзіңмен" атты телеэкспедиция құрылды

/uploads/thumbnail/20181113162401525_small.jpg

Каспий маңы елдерінен келген және жергілікті журналистерден құрылған халықаралық телеэкспедиция "Өз көзіңмен" деп аталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан жоба туралы баспасөз клубында болған конференцияда айтылды.

Түрікменстан, Әзербайжан, Ресей және Қазақстаннан жиналған топ Атырау өңірінің киелі жерлері мен тарихи-мәдени орындарын бір нысаннан екінші нысанға жаяу бару арқылы тамашалады. Шетелдік азаматтар  сапар барысында халықтың тұрмыс-тіршілігімен,  дала шежіресімен, көрнекті тұлғаларымен танысты. Олар осыған дейін Иманқара үңгірі, Ақмешіт, Құлшан ата жерасты мешіті, Аралтөбе қорымы, Таскешу керуен сарайын аралады. Сөйтіп, өлкемізде тұңғыш рет жаяу туристік маршрут жолы салынды. Келген қонақтар алған әсерлерімен және осындай ауқымды жобаны өз елдерінде өткізу жөніндегі ойларымен бөлісті. Оларды жергілікті халықтың қонақжайлылығы мен дархандығы, өз елінің тарихи тамырын терең білуі таң қалдырған. Сонымен бірге, барлық тарихи ескерткіштердің мемлекет қорғауында екеніне тәнті болған. Түсірілім тобы жұмысын аяқтағаннан кейін сол елдердің телеарналарынан көрсетілетін 20 минуттық 12 фильм дайындалатын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар