Атырауда ұлттық қолөнер туындыларының көрмесі өтуде

/uploads/thumbnail/20181113162527820_small.jpg

Атырау қаласындағы «Тамаша» ойын-сауық кешенінде ұлттық қолөнер туындыларының көрмесі өтіп жатыр.

Онда Батыс Қазақстан облысының белгілі шеберлері өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын атыраулықтарға ұсынды. Олардың арасында суретші, әрі домбыра жасау шебері Жанпейіл Сейтханов, «Изумрудный город» орталығы, «Меко» дизайн студиясының өкілдері мен көптеген қолөнершілер бар.

2006 жылы құрылған «Ғылыми зерттеулерді қолдау» қорының директоры, Ресей өлкетанушылар одағының мүшесі Айболат Құрымбаев жергілікті жерден осы көрменің өтуіне демеушілік танытқан Гүлжан Елешеваға алғысын білдіреді.

– Бұл шара «Ақжайық – шеберлер қаласы» жобасы аясында өтіп жатыр. Біздің қорда қазір жүзден астам қолөнерші тіркелсе, осында соның отызы келіп отыр. Олар жәрмеңкелерге тұрақты шығып жүр (Атыраулық қолөнершілерге де өз өнерлерімен, тамаша туындыларымен бөлісу үшін арнайы алаң керек-ақ. Автор.) Атап айтсам, Батыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында, тіпті, көршілес Ресейдің Самара қаласында да болдық. Ал, Атырауға алғаш рет ат басын бұрдық және соңғысы болмас деп үміттенемін. Екіншіден, «Каспий кубогі – Жайық жағасында» атты ұлттық спорт түрлерінен халықаралық турнирін тамашаладық, – дейді ол.

Сондай-ақ, аталған қор тарихи экспедициялар ұйымдастырып, тарихи-мәдени тақырыпта кітап басып шығарумен де айналысады екен. Мәселен, кезінде Бөкей ордасы орын тепкен аудандарды аралап, көне құлпытастардағы жазуларды қазақ тіліне аударған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар