Атырау қаласындағы «Қарағай жатақхана» қайта жаңғырмақ

/uploads/thumbnail/20181113162716201_small.jpg

Жергілікті жұртшылық, әсіресе, құрманғазылықтар «қарағай жатақхана» атап кеткен бұл ғимараттың тарихы тым әріде жатыр.

Ол Каспий теңізі жағалауы І және ІІ округтерінің әкімі, ағартушы, этнограф Мақаш Шолтырұлы Бекмұхамедовтің ұсынысымен 1895 жылы (кейбір деректер бойынша – 1894 жылы) екі сыныптық училище болып ашылған. Сол кездегі құны 13088 сом 35 тиын тұрған, оның 9000 сомын қазақ (қырғыз) қоғамы төлеген. 1911 жылы екі сыныптық орыс-қырғыз (қазақ) мектебі, 1924 жылдан бір басқышты «Мектеп – коммуна» болып жұмыс жасады. Кейіннен Ганюшкино мектеп-интернатының, Абай атындағы орта мектептің жатақханасы болды. Одан соң ғимаратта Д.Нұрпейісова атындағы өнер мектебі, балалар кітапханасы орналасты. 2014 жылы өртке шарпылып, ғимаратқа едәуір зиян келуі себепті пайдаланудан қалған еді.

Бүгінде тарихи және мәдени ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғау реестрінде тіркелген ғимарат қайта жаңғыртылып жатыр. Қазіргі таңда ғимараттың төбесі толықтай ашылып, өртенген, күйік шалған ағаштары алынып ауыстырылды. Шатыры қайта жабылып, терезелері ауыстырылды. Құрылыс прорабы Айдын Маменов қажетті материалдардың дер уақытында жеткізілуін қадағалайды. Ал, серіктестіктің нысан басындағы өкілі Есентай Ғилажев құрылысқа пайдаланылатын ағаштардың алдымен биологиялық, химиялық, басқа да өңдеулерден өтетінін айтады. «Біздің мақсатымыз – ғимараттың бір ғасыр бұрынғы сәулетін барынша қалпына келтіру» дейді ол. Құрманғазы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Бақыт Ғабдолованың айтуынша, ғимарат қайта ашылған соң мұнда онлайн ғаламтор желісі, коворкинг орталығы жұмыс жасайтын болады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар