Елордалық мектепте жалған жарылғыш құрылғының қойылғаны туралы хабарламадан кейін 1800-ден астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Елорда Инфо сайтының дерегін негізге алып.
«Белгісіз адам қоңырау шалғаннан кейін №22 мектеп басшылығы бірден 102-ге хабарласқан. Содан кейін бірінші ауысымның оқушылары 1698 бала, 82 мұғалім мен 37 техникалық қызметкерлер жедел түрде мекемеден эвакуацияланды» дейді Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы.
Баспасөз хатшысының айтуынша, ғимарат тексеріліп, қоңырау жалған болып шыққан. Қазіргі уақытта уәкілетті органдар кімнің қоңырау соққанын анықтап жатыр.
Пікір қалдыру