Бүгін - шала туған шақалақтар күні. Әлемдегі ең ерекше сәбилер (фото)

/uploads/thumbnail/20181117134909484_small.jpg

Бүгін – өмірге құлшынысы ерекше сәбилердің күні. 9 айға толмай, ана жатырын тесіп шыққан сәбилерді медицина тілімен «шала туғандар» деп атайды. Алайда ағзасы жетілмей дүние есігін ашса да, өліммен күресіп, оны жеңетін нәрестелер көп.

244 грамм – әлемдегі ең шала туған баланың салмағы бұл. Шала туып қана қойған жоқ, ол бала аман қалды.

Баланың шала тууы – сирек кездесетін жағдай емес. Статистикаға сәйкес, жүкті әйелдердің 100 пайызының 5-10 пайызы өмірге жетілмеген баланы әкеледі.

Өткен замандарда шала туған балалардың тірі қалуы екіталай болатын. Ал бүгінгі медицинаның қарқынды дамып жатқан уақытында толық жетілмеген балалар дамып, адам қатарына қосылып жатыр.  

Жалпы толық 37 аптада босанған әйелдердің баласы жетілмеген болып саналады. Негізінен салмақтары 2 500 грамм. Алайда 25, тіпті одан да аз аптада дүниеге келіп, небәрі 1 000 грамм болып туатын балалар да бар. Медицинадамұндай балаларды «экстрималды шала туған нәресте» деп атайды. Назарларыңызға дүние есігін 1 000 граммға жуық салмақта ашып, ғажап күштің көмегімен тірі қалған нәрестелердің қатарын ұсынбақпыз.

1.Том Тамб

Шала туған сәби

25 аптада дүние есігін ашқан Томның салмағы алғашында 269 граммды құрады. Денсаулығын қалпына келтіру үшін дәрігерлер ұзақ күресті. Жаңа технология мен қарыштап дамып жатқан медицинаның арқасында бала аман қалды.

2.Амилия Тэйлор

Шала туған бала

2006 жылы Америкада Амилия Тэйлор деген ерекше сәби дүниеге келді. Ерекшілігі сол, небәрі 21 аптада ана жатырынан шығып, аман қалған. 284 граммдағы Амилияның бойы 24 см болған. Денесі адамның бір қолына сыйып кететіндей. Алайда ағзасы дұрыс жетілмей туған Амилия өмір үшін күресті де, жеңді. Ол бүгін 12 жастағы ару қыз. «Берілмейтін» деген мағынаны білдіретін Амилия есімі де қыздың затына сай.

3.Мелинда Стар Гвидо

Шала туған сәби

2013 жылы Лос-Анджелесте Мелинда Стар Гвидо атты жетілмеген сәби дүниеге келді. Жүкітілктің 24-аптасында дүние есігін ашқан нәресте бірнеше ай инкубаторда жатты, алайда ол күресті, өмір сүрді.

4.Румаиса Рахман

Шала туған сәби

Әлемдегі ең кішкентай сәби Румаиса 244 грамм салмақпен дүниеге келді. Ал егіз-әпкесі екі есе артық салмақпен, яғни 567 граммда туды. Инкубатордан шыққан егіздер 10 аптадан соң-ақ адам болып қалыптасып үлгерді.

5.Мэделин Мэнн

1989 жылы 280 грамм салмақпен Мэделинн дүниеге келді. Туғанда миына қан құйылған, алайда сәбидің өміріне қауіп төндірмеді. Кішкентай ғана сәбидің бүгін 29-да, денсаулығы да мығым.

Қатысты Мақалалар