Қоғамдық даму министрлігі алғаш рет «Жомарт жүрек» сыйлығын ұсынады

/uploads/thumbnail/20181119210153333_small.jpg

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі алғаш рет«Жомарт жүрек» сыйлығын ұсынады. «Жомарт жүрек» сыйлығы – бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып отырғанбірегей жоба.

Аталған сыйлық – туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттарға, белсенді тұлғаларға, бизнес-құрылым өкілдеріне, еріктілерге және түрлі ұйымдарға табысталатын болады.

Жеңімпаздар: «Жыл меценаты», «Жылдың үздік ұйымы», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен еріктілік» аталымдары бойынша марапатталады. Қатысушыға дауыс беру www.jomartjurek.com сайты арқылы жүзеге асырылады.Дауыс беру қараша айының 12 -25 аралығында өтеді.

Марапаттау рәсімі 6 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар