Атырау қаласының қос бірдей тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы "Қамшы" порталы "Times.kz"-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қамауға алынған қос бірдей азамат тергеу барысында өздерінің әлеуметтік желілерінде Сириядағы ИШИМ содырлары сапына қосылуға ниетті екендіктерін және өзге де достарын соған үгіттегендерін мойындаған.
Атылмыш іске қатысты Атырау облыстық мамандандырылған аудан аралық соты күдікті деп танылған қос азаматты қылмыстық жауапқа тартып, бас бостандықтарынан айыру туралы шешім шығарған. Қамауға алынғандардың біреуі кәмелет жасқа толмағандықтан арнайы колонияға жіберу туралы ұйғарымға келген. Атырау облыстық соты баспасөз-қызметінің мәлеметіне сүйенсек, қамауға алынған азаматтар әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды ИШИМ сапына қосылуға үндеп, жиһадқа шақырған.
"Айпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 233-1 бабының 2 тармағы бойынша, яғни ҚР аумағында терроризмді немесе экстримизмді насихаттау, террорлық немесе экстримистік актілер жасауға үгіттеу әрекеттерін жасағандары үшін кінәлі деп табылған. Сот барысында айыпталушылардың екеуі де өздерінің кінәларын толықтай мойындаған. Олар ИШИМ құрылғанын естіп, Сириядағы шайқастарға қатысу үшін, Сирияға аттанбақшы болған және өздерінің таныстарын да үгіттеген. Тіпті, айыпталушылардың ересегі өзінің ИШИМ содырларымен байланыс орнатқанын, тікелей телефон арқылы хабарласып тұрғанын да айтқан",-дейді сот төрағасы.
Ал кәмелет жасқа толмаған, айыпталушы, ИШИМ туралы бірз ақпараттарға қанық болғанын, олардың видео роликтерін көріп, тіпті оларды өзінің әлеуметтік желілерінде таратқанын сот отырысында айтқан.
Сот шешімімен айыпталушылардың әр қайсысы 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Айыпталушы(үлкені) түзету колониясына жіберілсе, кәмелет жасқа толмаған бала арнайы тәртіптік колониясына жіберілген.
Нұрзат Тоғжан