Бомба жайлы ақпараттың астарында журналистерге қарсы қастандықтың болуы мүмкін бе?

/uploads/thumbnail/20181122150108699_small.jpg

Бүгін "КТК редакциясына бомба қойылды" деген ақпарат тарағанынан жұртшылық хабардар. Редакция журналисі Диас Нұрақынның айтуынша, қазіргі уақытта дүрбелең басылды. Республика алаңы ғимаратының сыртына шыққан журналистер жұмыс орнына қайта оралды. Ал Алматы қаласы ІІД баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.

"Жалпы елімізде қандай да бір ғимаратқа бомба қойылды" деген хабар жиі тарайтыны рас. Алайда редакцияға қастандық жасау туралы ақпарат  бұған дейін кездеспеген. Мұндағы мақсат не? Журналистерге қастандық жасалуы мүмкін бе? Әлде қасақана жасалған әрекет пе? Бұл сұрақты «Жас қазақ» газетінің бас редакторы, КТК телеарнасы Қазақ дирекциясының директоры Срайыл Смайылға қойып көрдік. Журналист шын мәнінде бомба қойылғанына сенбейді. Алайда бұл қоңыраудың астарында теріс пиғылдың жатуы мүмкін екенін айтады.

♦КТК редакциясына бомба қойылғандығы туралы қоңырау түсті

«Шынында қойылған болса, қандай да бір болжам жасауға болады. Ал дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Дегенмен, редакцияның беделін түсіру мақсатында жасалған әрекет болуы да әбден мүмкін», - деді Срайыл Смайыл.

Иә, дәл қазір қандай да бір болжам айту қиын. Алайда ел ішінде болмаса да, әлемде редакция ғимаратына жасалған немесе жасалмақ болған қастандықтың түрлері кездесіп қалады. Мәселен, жуырда ғана америкалық CNN телеарнасына бомба қойылғаны белгілі, тіпті желіде бомбаның суреті де жарияланған. Редакция ғимаратына қойылған бомбаның суреті Орталық барлау басқармасының экс- директоры Джонн Бреннанның атына жіберілген. Нью-Йорк әкімі Билл Де Блазио бұл жағдайды теракт жайлы жоспардың хабарланғаны деп түсіндірді. Айтуынша, терроршылар БАҚ-тағы сөз бостандығын жоюды мақсат тұтып отыр.

♦"Бомба қойылды" деген хабарды естіген журналистің әрекеті жұртты тәнті етті

Бір жыл бұрын мәскеулік «Новая газета» басылымының қызметкерлері бомба жайлы қоңыраудың кесірінен эвакуацияланған.  Алайда ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Ал КТК ғимаратына соғылған қоңыраудың астарында не жатыр, егер қылмыскер ұсталса, бәрі де анықтала жатар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар