Қазақстан әлемдегі өзгерістерден құр алақан емес. Қазақстанда заман талабына сай, адамның өмір сапасын жақсарту, жаңа технологияны, ғылым, білімді игеру, ғылымдағы соңғы өзгерістерден хабардар болу және оны қолданысқа енгізу жылдам жүретін процес. Мысал ретінде қабылданған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын айрықша атауға болады. Елімізде мұндай бағдарламаның қабылдануы бекер емес. Қазір әлем бойынша ІТ саласы қарышты қадаммен дамып келеді. Соған сәйкес, ІТ мамандарына деген сұраныс бірден артты. Себебі, қазір ақпараттың, технологияның заманы. Әлем алға жылжып адам өмірін оңтайландыру, қазіргі қарбалас, уақыт тапшы заманда адам уақытына сыйластықпен қарап, оны тиімді әрі пайдалы өткізіп, уақытта үнемдеу мақсатында түрлі шаралар атқарылып, халыққа қызмет көрсетуді ыңғайлы ету үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Адам бұрынғыдай уақытын ұзын сонар кезекте өткізбей жұмысындағы жұмсақ креслосында немесе үйінде шай ішіп отырып-ақ біраз шаруаны атқара алады. Еуропа, Америка халқы банкке, халыққа қызмет көрсету орындарына немесе коммуналды қызмет ақысын, айыппұл төлеу, құжат рәсімдеу секілді осы және тағы да басқа көптеген жұмыстарды мекеме табалдырығын тоздырмай-ақ бітіре алады. Бұл ең алдымен адамның уақытын үнемдеп, қағазбастылықтан құтқарып, есіктен, есікке жүгіруге кеткен алтын уақытты одан да пайдалырақ, адамның рухани, мәдени өмірін жандандыруға мүмкіндік береді.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жылда жетілдіріліп келеді. Оның нәтижесі көп күттіртпеді. Халыққа қызмет көрсету қызметі онлайн жүйеге ауысып келеді. Бұрындары халық сабылып халыққа қызмет көрсету орындарына ағылатын болса, қазір кезекте тұрмай-ақ үйінде отырып жұмыстарын тындыра бере алады. Бұл халыққа да тиімді әрі мекеме әкімшілігіне де қолайлы. Себебі халыққа қызмет көрсету сапасы жоғарылайды.
Цифрлық жүйенің берері мол әрі болашағы зор екенін ұғынған әрбір ел осы жүйеге көшуді мықтап қолға алды. Себебі халық цифрлы жүйе туралы сауатын аша түскен сайын оның пайдалы әрі қызықты ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі молая түседі. Сонымен бірге, ақпаратты білу мен қатар оны сақтау, тарату, жеткізуге жол ашылады.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Оған мысал ретінде Egov пен «OTAU TV» теле-радио хабар тарату желісін айтса болады. Осыдан жеті жыл бұрын Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен аталмыш жолсерік іске қосылған болатын. Ол уақытта ұлттық оператор қызметін небәрі 6300 адам ғана пайдаланды. Қазір қолданушылар саны миллионнан асты. Оның жетпіс проценті ауыл тұрғындары.
Халық сандық жүйенің ұтымды тұстарын түсінген сайын цифрлық сауаттылығы артып келеді. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев цифрлы жүйені маңыздылығын жақсы түсіне отырып, оның Қазақстанда кең етек жаю үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан Республикасы халқына арналған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында цифрлы жүйені айрықша атап өтті. Онда ІТ саласы мен цифрлы технологияларды дамытуға зор күш жұмсалатыны айтылады. Оның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзін келтірейік:
«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты»,- деді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше саланы қатар дамытады десек артық айтпағанымыз емес. Сандық жүйе, цифрлық Қазақстан дегенде IT саласын дамыту жоспары ойымызға еріксіз оралуы мүмкін. Алайда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы одан бөлек көптеген саланың қанат жаюына мүмкіндік ашады. Мәселен, еңбек нарығы. Яғни халыққа жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазақстан Республикасы азаматтары жаңа технологиямен танысу мүмкіндігін алады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында IT секторының үлесін екі жылдан кейін, яғни екі мың жиырмасыншы жылы бес процентке жеткізу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жүз елу мың жаңа жұмыс орны ашылады. Сәйкесінше, жүз елу мың адамға жаңа мүмкіндік беріледі, жүз елу мың адам жұмыспен қамтылады. Өзінің потенциалын ашып, әлемдегі жағымды өзгеріске бір табан жақындап, оның бір бөлшегі болу мүмкіндігіне ие болады. Сарапшылардың есебі бойынша, жүз елу мың адамға жұмыс орнын ұсыну еңбек өнімділігін отыз жеті процентке арттырады. Бұл өте жағымды тенденция болмақ.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы өте ұтымды жоба екенін әркез дәлелдеп келеді. Себебі, оның астарында халықтың әлеуметтік хәлін жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру, қоғамды дендеген, қордаланған әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету, халықтың тұрмыс деңгейін жаңа сатыға көтеру мақсаты тұр. Бұл ретте Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дамыған, өркениетті отыз елдің қатарына ену жоспары да бар.
Елбасының берген нақты тапсырмасы аясында бірқатар міндет қойылды. Оларға жеке-жеке тоқталып өтелік. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бекіткен тапсырмасы аясында екі мың жиырмасыншы жылға дейін Қазақстан Республикасында интернетті пайдаланушы халықтың пайыздық көрсеткіші сексен пайыздан асыру міндеті тұр.
Бұл үшін арнайы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның аясында көптеген міндеттер тұр. Яғни, Қазақстан Республикасы тұрғындарының тоқсан бес пайызын екі мың жиырма бесінші жылға дейін цифрлы хабар таратумен қамтамасыз ету.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, екі жүз қырық төрт радио және телевизиялық стансасы іске қосылды. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында орта білім беретін мекемелерде, яғни мектептерде WI-FI жүйесін орнату жоспарда бар.
Қазақстан Республикасы азаматтарының заман көшінен қалмай, өмірді бірнеше сатыға көтеруді көздейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша нәтижелі жұмыс істеп жатқанын атап өту керек.
Бірінші бағыт – ауыл өңірлері тұрғындарының кең жолақты интернетке қол жетімділігін арттыру.
Екінші бағыт– Қазақстан Республикасы экономикасының, оның ішінде қаржы жүйесіндегі салаларға сандық технологияны бекіту. Жеке атап өтер болсақ, олар: көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда.
Үшінші бағыт – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту.
Төртінші бағыт – Қазақстан Республикасында IT мамандарды даярлау.
Алтынгүл Өмірзақова
Пікір қалдыру