Малайзияның жемқорлыққа қарсы басқармасы ел премьер-министрінің жұбайын тінтуде деп хабарлайды әлемдік БАҚ.
Премьер-министрдің әйелінің құны $6,5 млн-ға бағаланған жүзігі көпшіліктің назарын аудартты. Бұл қымбат жүзікті бірінші болып оппозиция өкілдері көріп қойған.
Премьердің жұбайы болса, бұл сақина жақында тұрмысқа шыққан қызының қайын жұртына тиесілі екенін айтып ақталуда. Яғни, бұл сақинаны оған қазақ құдалары сыйға тартқан болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, жақында қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы Нуриана Наджве шаңырақ көтерген болатын.
Данияр Кесікбаев – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің өгей баласы. Екі жас АҚШ-та оқып жүргенде танысқан. Олар 2011 жылдан бері кездесіп жүр екен.