Қарағанды облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы мен қалалық аумақтық ішкі істер органы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелеттік жасқа толмаған балаларға азғындық әрекеттер жасаған күдікті ұсталды.

Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағандының Михайлов ауданынан 32 жастағы ешқайда жұмыс істемейтін қала тұрғыны ұсталып, қала аумағында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты азғындық әрекеттер жасағанын мойындады.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде деп хабарлайды Қазақпарат.
Сондай-ақ, Қарағандыда әлі де бірнеше педофилдер жүруі мүмкін. Себебі өздеріне азғындық әрекет көрсеткен ер адамды балалар әртүрлі сипаттап берген еді.
Алдында хабарланғандай әлеуметтік желіде қарағандылық жас қыздарға азғындық әрекеттер жасап, іздеуде жүрген ер адамдардың фоторобты пайда болғанын айтқанбыз.
Еске сала кетсек, 9 сәуір күні ер адам кішкентай қызға тұрғын үй подъездінде азғындық әрекеттер көрсеткен, ал 15 сәуір күні тағы үш оқушы қызға тиіскенібелгілі болды. Екеуі қашып құтылғанымен, үшінші оқушыны педофил жеке шығарып алып, өзін қанағаттандыру сәтін түсіруге мәжбүрлеген.
Nur.kz