Көйлек-көншік мұражайы

/uploads/thumbnail/20170708175122132_small.jpg

Американың солтүстік шығысындағы Огайо штатында «Президент әйелдерінің ғылыми зерттеу орталығы» деп аталатын мекеме бар. Бұнда АҚШ тарихындағы Президент әйелдеріне қатысты барлық мәлімет сақтаулы. Бұл мекеменің орталық кітапханасында Рузвельт, Пок, Реган, Картерден бастап Клинтон мен қос Буштың әйелдері пайдаланған 6400 –ге жуық жазбалар сақталған. Атақты адамдардың аяқ киіміне дейін аукционға қоятын американдықтар Президент әйелдерінің киімдерін түгендеуді де ұмытпапты. Аталған орталықтың құрамында мұражай бар. Онда бірінші ханымдардың киген көйлектері «тарихи құнды мұра» ретінде көрмеге қойылған. № 42 Президент Клинтон мен № 43 –ші Джордж Бушты былай қойғанда АҚШ тың 11-ші басшысы Поктың, 32-ші Президент Рузвельдтің әйелдері киген көйлектерді көруге болады. Бұнда тұрған 150 көйлектің әрқайсысының тарихы бар. Мысалы, Барбара Буш қызыл көйлегін қандай жағдайларда, қашан, қай күні кигендігіне дейін тәптіштеп жазылған. Қысқасы әр көйлектің паспорты бар. Бұл мұражайда «Қызыл көйлектер коллекциясы» деген көрме жұмыс істепті. Тоғыз айға созылатын көрмеге бірыңғай қызыл киімдер қойылыпты. АҚШ-тың қазіргі Президентінің әйелі Мишель Обаманың киімдеріне де мұражай қызметкерлері арнайы орын дайындап жатқан көрінеді.

Шарафат Жылқыбаева

Қатысты Мақалалар