Алматыда Түрксіб ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды

/uploads/thumbnail/20181210163918608_small.jpg

Алматы қаласының Өңірлік  коммуникациялар қызметінде  Түрксіб ауданының әкімі Павел Сергеевич Кулагиннің қатысуымен брифинг өтті. Негізгі талқыланған мәселелер - Түрксіб ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері.

Түрксіб ауданы - халық саны 228 мың адамнан тұрады. Алматы қаласының ірі сауда және өнеркәсіптік орталықтарының шоғырланған аумағы.

Осы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша барлық салада оң өсу қарқыны тіркелді.

Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 110.8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны биыл 122%. Алматы қаласының жиынтық өндірісіндегі аудан үлесі 17% .

Нақты секторды дамытуға 29 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. Ауданның жалпы қаржы жұмсалымындағы үлесі шамамен 5.9%.

Дамудағы елеулі серпін шағын және орта бизнес кәсіпорындары есебінен қалыптастырылды, олардың саны 6 954 бірлікке дейін 102%-ға өсті. Осы секторда  44 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Біздің қоғамды одан әрі топтастыру және дамыту жолында жеке бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мен қоғамдық бастамаларды іске асыру үшін бюджеттен тыс қаржыландыруды тартуға ерекше назар берілді.

Осыған байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жылдың басынан бері жеке инвесторлардың қаражаты есебінен 504 орындық 16 жеке мектепке дейінгі  балалар мекемелері, 40 балалар спорт алаңы ашылды. "Мектепке жол" акциясы аясында 263 көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларына оқуға қажет құралдармен сөмкелер табыс етілді.

Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша ауданда 130 аула аумағы абаттандырылды. Бұдан басқа, 2019 жылы абаттандырылуға жататын 50 аула бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және сараптамалық қорытынды алынды.

Биылғы жылы аудан аумағын абаттандыру және аулаларды таза ұстауға қала бюджетінен 3,89 млрд. теңге қарастырылған.

Қазіргі кезде ұзындықтағы 458,1 км, 377 көше жарықтандырылған және 157 бірлік сыртқы жарықтандыруды басқару шкафтары орнатылған, сонымен бірге  Колхозшы ықшамауданында 8 көшені жарықтандыруға  арналған ЖСҚ әзірленді.

Аудан аумағында өткізу ұтқырлығын арттыру үшін көлік қолжетімділігін және орташа жөндеуге ұзындығы 9,455 км, 14 көше жасалды (Осипенко көшесі, Станкеевича қиылысы, Зорге көшесі, Ақан Сері көшесі, Красногорск к., Сүйінбай  көшесі, Иванова көшесі, Майлин к-сі, Б. Хмельницк көшесі, Щербакова көшесі,Захарова көшесі).

Көше шұңқырларына қарасты - 25 көше жөнделді. Оның ішінде жаяу жүргіншілер жолын салу және жөндеу жұмыстары аяқталды (Толстой  к-сі, Стаханов, Буденный, Лавренева, Чехова,Чимкентская Чернышевского, Котельников көш., Огорева, Сейфуллин даңғылы, Закарпатская, Спартак, Станкеевич  және  Жұлдыз шағын ауданы).

2018 жылы "Өңірлерді дамыту 2020" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Жас Қанат" ықшам ауданында бес қабатты 47 тұрғын үй салынды, жалпы алаңы 164 900 ш.м., 1780 пәтер.

2018 жылы желтоқсан айында 9 қабатты екі үй пайдалануға енгізу жоспарланып отыр, жалпы алаңы 4 500 ш.м., 90 пәтер.

Ағымдағы жылы жалпы аумағы 82.5 мың ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға берілген немесе 221.4% құрады. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (37.3 мың шаршы метр).

2018 " ТКШ жетілдіру" бағдарламасы бойынша 17 үйге жөндеу жүргізілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аудандағы орталық көшелерде орналасқан 14 көппәтерлі үйге инвесторлар есебінен жөнделу фасадтары жүргізілді.

Атаулы әлеуметтік қолдаумен биыл 30 мың адам қамтылып отыр, оның ішінде 30 адам Ұлы Отан соғысына қатысушылар, 3,2 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етілді.

Биылғы жылы әлеуметтік көмектің жалпы көлемі 95.4 млрд. теңгеден асады, оның ішінде, тұрмысы төмен отбасылар, соғыс ардагерлері және туберкулезбен ауыратын науқастар емханада емделу атқарып жүрген азаматтар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар.

Аудан аумағында 86  мектепке дейінгі балабақшада 6,8 мың бүлдіршін тәрбиеленуде. өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсеткіші (6,3 мың бала) 9%.

86  балабақша  мекемесінде 6,8 мың бала оқиды, оның ішінде: 22  мемлекеттік - 4 016 балалар ; 31 жеке -меншік -1 692 балалар ; 33   шағын орталықтар - 1 148 балалар;

Жыл басынан бері 504 балаға арналған 16 жекеменшік балабақша ашылды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 315 орын бөлінген.

Ағымдағы жылы "Қауіпсіз аула" бағдарламасы бойынша орнатылған бейнебақылау камераларының саны 4 мыңнан астам, оның ішінде 1 173 бейнебақылау камералары тұрғын үйлер кіреберістеріне орнатылған, бұл қылмыстың жалпы деңгейінің төмендеуіне ықпал етті.

Барлығы 3 660 қылмыс жасаса, бұл 2017 жылғы деңгейден 2.6%.төмен (3759)

Есептік кезеңде учаскелік полиция инспекторлары 6 973 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 24.6 млн. теңге,  өндіріліген қаражат көлемі 4.7 млн. теңге, 19.3% құрады.

2018 жылы 9 айдың көрсеткіші бойынша 12 862 азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: «ҚР электронды Үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 8058 қызмет, "Egov"- электрондық үкімет порталы арқылы – 2939 азаматқа.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар