Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Телебай Бағдат Ғазизұлы хабарлады.
Оның айтуынша, Алматы - бұл сауда және қызмет көрсету қаласы, экономиканың осы секторы ЖӨӨ-нің 80% - дан астамын құрайды. Соңғы жылдары сауда саласын көлеңкеден шығару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осылайша, 57 базардың 16 – сы жаңғыртылды (2020 жылға дейін-29). 24 СОО ашылды (жылдың соңына дейін-2). 3 жыл ішінде сауда саласын дамытуға 240 млрд. теңгеден астам жеке қаражат салынды. 2018 жылдың шілде айында Кәсіпкерлер Палатасы проблемалық мәселелерді анықтау үшін қала базарларына паспорттау жүргізді. Негізгі проблема -бұл базарларды қазіргі заманғы форматқа өткізуде, базарларды жаңғырту үшін базардағы меншік иелерінің қаражаты жеткіліксіз. Біз «Жібек Жолы» өңірлік бағдарламасы аясында мақсатты қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселе көтердік. Бүгінгі бөлшек сауда көлемі 2018 жылы 2125,1 млрд. теңгені құрады бұл 2017 жылға қарағанда 112,9 пайызға өскен. Көтерме сауда көлемі 2018 жылы 7499,3 млрд. теңгені құрады ал бұл 2017 жылға қарағанда 101,5 пайызға өскен. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлес салмағы 29.7 % құрайды – деп сөзін аяқтады Б.Телебай.
Пікір қалдыру