ҰБТ-ны енді алдын ала тапсыруға болады

/uploads/thumbnail/20181214152825844_small.jpg

Қазақстандық мектеп бітіруші түлектер ендігіде Ұлттық бірыңғай тестілеуден мерзімінен бұрын тапсыра алады. Тестілеу келер жылдың қаңтар айынан басталады, ал мектеп бітіруші түлектер мен талапкерлер тестілеуге құжаттарын 15 желтоқсанға дейін өткізіп үлгеруі қажет. Алайда, алдын ала Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен талапкерлер жоғары оқу орындарының тек ақылы бөліміне ғана оқуға түсе алады екен.

Болашақта жақсы маман иесі болып, ол үшін жоғары оқу орнының ақысыз бөліміне, яғни грантқа түсуді қалаған түлектер әр жылдың маусым айында өткізілетін негізгі ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысулары міндетті. ҰБТ-ны алдын-ала тапсыру құқығына 11 және 12 сынып оқушылары, сонымен қатар, еліміздің қандай да бір жоғары оқу орнына түсіп, алғашқы семестрді аяқтаған, алайда емтихандардан жеткілікті балл жинай алмай қалған студенттер ие. Қаңтар айында ондай студенттер жоғары оқу орнына түсу үшін қайта тапсырады. Оқуға түскен студент қайтадан жеткілікті балл жинай алмай қалған жағдайда, ол автоматты түрде оқудан шығарылады.

Айта кетейік, қаңтар айында Ұлттық бірыңғай тестілеуден алдын ала өті ақылы түрде жүзеге асырылады, оны тапсыру үшін 2242 теңге төлеу міндетті.

Қатысты Мақалалар