Назарбаевтың Жолдауы жайлы кореялықтар не дейді?

/uploads/thumbnail/20170821082919680_small.jpg

Қазанның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттер мен тапсырмалар республиканың экономикаға бәсекелестігін арттырады. Сеулде өткен халықаралық технологиялық форумның қатысушылары дәл осындай болжамға келген.

Қазақстан Республикасының Кореядағы елшілігінің арнайы кеңесшісі Олжас Раев өз сөзінде елдегі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің дамуы жөнінде баяндады. ЮНЕСКО дерегіне сәйкес, Қазақстанда дәл осы мақсатқа жалпы ішкі өнімнен 0,2 пайыз шығын жұмсалған. Алайда бұл жағдайды Президенттің халыққа Жолдауында айтқан тапсырмалары түбегейлі өзгертті. Бес жыл ішінде білім-ғылымға, денсаулық сақтау саласына бөлінген шығынның көлемі жалпы ішкі өнімнен 10 пайызға дейін жетпек.

Форум барысында Корея ғылым және технологиялық институтының Президенті Қазақстанға ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық жүйесін қалыптастыру жөнінде ерекше ұсыныс жасады.  Егер еліміз ұсынысты қабылдаса,  шығын көлемі Жалпы ішкі өнімнен 4,3 пайызға дейін жетеді.

Осы орайда ҚР-ның Кореядағы елшілігінің арнайы кеңесшісі Олжас Раев алдағы жаңа жоспарлар жайын баяндады:

«Бізде жүзеге асыруымыз тиіс жаңа жоспар бар. Жуырда ғана Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында үкіметке білім, ғылым және денсаулық саласы үшін шығынды ЖІӨ-ден 10 пайызға дейін көтеруді тапсырды», - деді Қазақстан өкілі Сеулдегі форумда.

Өз кезегінде Корея ғылым және технологиялық ақпарат институтының президенті Чой Хи Юн Қазақстанмен серіктестік мәселесін сөз етті.

«Жыл сайын біздің институт Кореяда да, шетелде де ғылыми зерттеулердің жағдайын талқылау үшін түрлі келіссөздер мен презентациялар өткізіп тұрады. Бұл жолғы мүмкіндікті Коста-Рикада пайдаландық, осы орайда Қазақстанмен серіктестігімізді нығайтамыз деген мол сенімдемін», - деді Чой Хи Юн.

Қатысты Мақалалар