Ақтөбеде тұңғыш McDonald’s мейрамханасы ашылды

/uploads/thumbnail/20181220115513814_small.jpg

Ақтөбеде салтанатты түрде тұңғыш McDonald’s мейрамханасы ашылды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақтөбе агломерациясын дамыту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Ақтөбе одан да көп инвестиция тартатын заманауи сан қырлы даму орталығына айналуда. Үлкен қаланың дамуы мен құрылуы шағын және орта бизнестің өсуімен, жаңа бизнес жобалардың құрылуымен қатар жүреді. Бүгінде ШОБ саласында 135 мыңнан аса ақтөбелік еңбек етеді, олар 370 млрд теңгеден астам сомаға өнім шығарған. Жаңа мейрамхана ақтөбеліктердің танымал демалыс орындарының біріне айналатынына сенімдімін,-деді Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мейрамхананың ашылу рәсімінде.

Ақтөбе - Қазақстандағы әлемге танымал брендтің мейрамханалары жұмыс жасап жатқан Астана, Алматы мен Қостанай қалаларынан кейінгі төртінші қала.

- Бүгін Қазақстандағы 13-ші және Ақтөбеде бірінші McDonald’s-ті ашып отырмыз, мейрамхана қала тұрғындары мен қонақтарын тартатын орталыққа айналады деп үміттенеміз. McDonald’s әлеуметтік жағынан жауапты компания ретінде Қазақстанда белсенді өмір салтын енгізуді, білім беру, мәдениет пен спорттық бағдарламаларды белсенді түрде қолдайды. Біз 25,5 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсеттік. Қазақстандағы McDonald’s сауда белгісі Қазақстан Республикасының ұлттық параолимпиада комитетінің демеушісі болып табылады, - деді McDonald’s франшизасының Қазақстандағы қожайыны Қайрат Боранбаев.

Жалпы алаңы 470 шаршы метр болатын мейрамхананың ішінде 96 және жазғы алаңында 64 отыратын орын бар. Мейрамхана көлік жүргізушілеріне қолайлы болу үшін ішкі периметрлер бойынша McDrive жүйесімен жабдықталған. Соның арқасында көліктен шықпай-ақ тапсырыс беріп, төлем жасап, алуға болады. Көлік жіберу мүмкіндігі орташа алғанда сағатына 100 машинаға дейін жетеді.

Мейрамханада кішкентай келушілерге ерекше көңіл бөлінген. Балалар үшін лабиринт, интерактивті едені, ксиловоны, үстел ойындары мен басқа да ойын-сауықтары бар арнайы ойын бөлмесі жабдықталған.

Қатысты Мақалалар