ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Қарағандыдағы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасады

/uploads/thumbnail/20190103101632428_small.png

Қарағандыда болған төбелес ұлтаралық қақтығыстан емес, тұрмыстық негізде туындаған. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі baq.kz-ке сілтеме жасай отырып.


«Тергеу барысында төбелес тұрмыс негізде туындағаны анықталды. Себебі, төбелес ұлтаралық жанжалдан емес, тұрмыстық негізде туындаған. Төбелес жаңа жылды қарсы алу кезінде мейрамханада болған», - деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Осыған дейін Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында 1-қаңтарда төбелестен ер адамның қаза тапқаны туралы хабар тараған. 

Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әртүрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Қатысты Мақалалар