Қос боксшы топ жарды

/uploads/thumbnail/20170708150941261_small.jpg

Қазақ боксшылары Біржан Жақып пен Мерей Ақшалов Германиянның Галле қаласында аяқталған Chemistry Cup турнирінде жеңіске жетті. Біржан финалда қытайлық Ли Винді 18:12 есебімен ұтса, Мерей Ақшалов германиялық Армен Харутенянды 19:18 есебімен жеңді. Жартылай финалда жеңілген Рустем Сыбаев пен Антон Пинчук қола жүлде алған еді. Осы додаға қатысқан моңғолиялық қандасымыз Еркін Жамантайұлы да қола жүлде еншіледі. Сонымен, жалпы  есепте  еліміз  осы  турнирді 2 алтын, 2 қола  жүлдемен  қорытындылады Аламан          

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар