"Бірлігі мықты ел озады" шеруі өтті (фото)

/uploads/thumbnail/20170708175531739_small.jpg

2015 жылдың мамыр айының 3-7 аралығында Алматы – Талдықорған – Аягөз – Ақжар маршруттары бойынша Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығына арналған «Бірлігі мықты ел озады» атты шеруі өткізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында талқыланды. Төрт күннің аралығында, Алматыдан бастау алатын шеру, ту ұстап ел қорғаған Ер Дәулетбай батырға Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар селосында ескерткіш тұрғызумен қорытындыланбақ. Мәдени, рухани маңызы бар іс – шараға республикалық қазақ хандығының 550 жылдығын өткізуге арналған мемлекеттік комиссияның мүшелері, танымал тарихшылар және шеруді ұйымдастырушылар қатысады.

IMG_2040

Шараның басты ұйымдастырушысы, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының тең төрағалары Сәдібек Түгел мен Марат Нәбиев. Сонымен қатар, Ер-Дәулетбай ескерткішін салу идеясының авторы, «Ту ұстап ел қорғаған Ер-Дәулетбай» қайырымдылық қоры, ШҚО Тарбағатай ауданының әкімшілігі мен «Ел бірлігі» одағы тарихи сәтті қолдаушылардың қатарында.

Сәдібек Түгел, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының төрағасы: Елбасының Қазақ хандығының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасын толығымен қолдаймыз. Біздің ойымызша, 550 жылдықты тойлау ұлттық тарихты бағалауға үлкен серпіліс туғызады. Бұл бағытта біз республикалық қазақ хандығының 550 жылдығын өткізуге арналған мемлекеттік комиссиямен бірге жұмыс істейміз. Осының аясында бұл шеру өткізіліп отырған шаралардың алғашқысы. Мақсаты ұлттық тарихымызды баяндау. Шеру алдағы уакытта жалғасын табады.

IMG_2034

Сонымен, Ер Дәулетбай батырдың ескерткішін Тарбағатай төріне орнатушылар, мамырдың үшінші жұлдызында Алматыдан алыс жолға аттанбақ. Төрт күндік шерудің аяқ алысы мен тыныс тіршілігінен оқырмандарымызды алдағы уақытта хабардар етіп отырамыз.

IMG_2032 IMG_2022 IMG_2015 IMG_2001 IMG_1991

Ақбота Дәулетбақ, Түгел Медиа Бірлестігі

Қатысты Мақалалар