Данияр Елеусінов алтыншы жекпе-жегін өткізеді

/uploads/thumbnail/20190126154330600_small.jpg

Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Данияр Елеусіновтың әкесі, жеке бапкері Марат Елеусіновпен бүгін хабарласқан едік. Бұған дейін кәсіпқой рингте бес қарсыласынан басым түскен Данияр келесі айқасын 15 ақпанда АҚШ-тың Флорида штатында өткізеді екен. Қарсыласы әлі белгісіз. «Алла қаласа, жақын күндері Флоридаға жүреміз», - деді Марат Елеусінов.

Әуесқой бокстағы ең биік шыңдарға табан тіреген Данияр бауырымызға «Кәсіпқой бокста да бағың жансын!» деп тілек айтамыз.

Қыдырбек Рысбек

Қатысты Мақалалар