Католиктер шіркеуінде 27 адамның өмірін қиған жарылыс болды

/uploads/thumbnail/20190127152602199_small.jpg

Филиппинде католиктер шіркеуінде жарылыс болып, соның салдарынан 27 адам қаза тапты, ал 77-сі ауыр жарақат алған. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Bbc.com сайтының мәліметіне сүйене отырып жазады.

Бірінші жарылыс жергілікті уақытпен сағат 08:45-те Кармель тауында жексенбілік католиктік жиын барысында болған. Кейіннен оқиға орнына әскерилер мен жергілікті полиция қызметкерлері келіп жеткеннен соң екінші жарылыс орын алған.

Қаза тапқандардың көпшілігі қарапайым тұрғындар болса, жетеуі әскери қызметкерлер екен. "Алғашында 19 адам қаза тауып, 48-і жараланды" деген ақпарат шыққан болатын, кейіннен құрбан болған адамдардың саны өскен.

Филиппин

Бұл оқиғаға байланысты әлі ешбір ұйым өзіне жауапкершілік алған жоқ.

Жарылыс болған жер түгелдей қоршауға алынып, шіркеуге баратын жолды жауып тастаған.

Дайындаған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар