Тағы да трагедия: Бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20190208225446857_small.jpg

Түркістан облысында бүтін бір отбасы газдан уланып қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Түркістан облысы Келес ауданы Бесқұбыр ауылындық округі Қошқар ата ауылында жылыту пешіндегі ақаудың кесірінен бір отбасындағы 4 бірдей адам қайтыс болды. Оқиға орнын тексерген мамандардың айтуынша, үйдің мұржасы бітеліп қалған.  

Қайтыс болғандар: 1986 жылғы ер адам, 1993 жылғы әйел адам және 2015, 2016 жылы туған балалар. 

 Ұсынған: Әсел Болатқызы

Қатысты Мақалалар