Елбасы теннисші Зарина Диасқа сыйлаған сағаттың қанша тұратыны белгілі болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sportx.kz сайтының дерегін негізге алып.
Сағаттың (pre-owned Cartier Ronde Solo Ladies Watch WSRN0013/3939) бағасы — 1 995 фунт стерлинг, ал бұл 975 мың теңге.

Еске салсақ, Зарина Диас Федерация Кубогында жақсы өнер көрсетіп, Елбасыдан бағалы сыйлық алған еді. Сыйлықтың сыртқы жағында мемлекет басшысының қолтаңбасы бар.
Ұсынған: Әсел Болатқызы