Жапонияда қариялар көбейіп барады

/uploads/thumbnail/20170708175732892_small.jpg

Жапонияда 36276 кісі жүз жастан асқан. Жыл сайын жүзге толатындардың саны 4000 адамға артып отырады. Күншығыс елінде 20 мың қария жүзге келуіне байланысты Премьер министрден құттықтау хат пен күміс кубок сыйлығын алады. Дүниежүзі бойынша өмір сүру ұзақтығы жөнінен бірінші орында тұрған Жапонияда қарттардың көптігі кейбір саясаткерлеріне ұнамайтын көрінеді. Ғасырдан да ұзақ жасаушылар санының артуы ел экономикасына артық жүк деп есептейтіндер аз емес. Жапония бала туу көрсеткішінің төмендігі тұрғысынан соңғы қатарда тұрған елдердің бірі. 1979 жылға дейін бала саны бірқалыпты болып келген Күншығыс елінде бала туу көрсеткіші барған сайын кеміп барады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әр әйелге 1,3 баладан келеді екен. Яғни, жапон отбасында бала саны екеуден аспайды деген сөз.  Үйленгендердің арасында балалы болудан қашатындары өте көп. Жапон әлеуметтанушылары 2020 жылға қарай халықтың 60 пайызын қарттар құрауы мүмкін деп қауіптенуде.

Шарафат Жылқыбаева

Қатысты Мақалалар