25 жастағы әйел дүниеге бірден 7 сәби әкелген

/uploads/thumbnail/20190219140232993_small.jpg

Ирактағы Дияла провинциясының тұрғыны бірден 7 сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің басшысы Фарис әл-Изауидің айтуынша, 25 жастағы әйел 7 баланы табиғи толғақпен дүниеге әкелген. Оның бірі – ұл бала, алтауы – қыз.

Дияла провинциясындағы әл-Баттуль ауруханасының басшысы бұл оқиғаны Ирак үшін «теңдесі жоқ оқиға» деп бағалады.

Әл-Изауидің сөзінше, жас ана мен шақалақтардың жағдайы жақсы.

«Ерлі-зайыптылардың қуанышында шек жоқ, осындай бағалы сыйлық үшін Аллаға шүкіршілік айтады», - делінген хабарламада.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар