Мүхамедиұлы өз лауазымында қалатын болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Мәжіліс депутаттары Мәдениет және спорт министрі қызметіне Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын мақұлдады.
Мұхамедиұлы өз сөзінде Мәжіліс комитетіне алғысын білдірді.
"Шынында да, қазір бізде тарихи-мәдени мұраны қабылдау, Мәдениет туралы Заңға өзгерістер сияқты үлкен заңнамалық мәселелер тұр. Сондықтан да мен біздің Комитетке сенім артқаны үшін және перспективалы жоспарлары үшін үлкен алғысымды білдіремін", - деді ол.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылы Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.
Пікір қалдыру