Үш күн той: Өскеменнің наурызы өзгеше болмақ

/uploads/thumbnail/20190226171808082_small.jpg

Қаланың орталық алаңында киіз үйлер қалашығы бой көтеріп, көшелер мерекеге сай безендірілмек. Сонымен қатар сауда орталықтарында мерекелік жеңілдіктер ұйымдастыру көзделіп отыр.

Бұл жөнінде Өскеменнің әкімі Жақсылық Омар Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге арналған кеңесте айтты.

Өскемен

Қала орталығында киіз үйлер қалашығы бой көтеріп, онда 20-21 наурызда арнайы шаралар өткізіліп, 22 наурыз күні жалпыхалықтық мерекелеуге ұласады деп жоспарлануда. Мейрамның негізгі күнінде орталық алаңда Ұлы даланың 7 қырын ашып көрсететін 7 киіз үй құрылады. Атап өтерлігі, киіз үйлердің барлығы есіктерін айқара ашып, этнографиялық көрме форматында жұмыс істейтін болады.

Өскемен

Қала басшысы кеңеске қатысқан кәсіпкерлерді өз нысандарына мерекелік безендіру жүргізіп, Наурыз мейрамына орай жеңілдіктер жасауға шақырды.

Бизнес құрылымдарын ынталандыру мақсатында қалалық әкімдік үздік мерекелік безендірілген нысандардың арасында байқау жарияламақ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар