Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезд партияның 20 жылдық мерейтойына ойластырылған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Партия делегаттары Мемлекет басшысының 20 жылға беріліп жатқан бағасын мұқият тыңдап отыр. Жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде мына төрт мәселе қаралады:
- Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау;
- Партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
- Саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту.
- Сьезд жұмысы сағат 14.00-де аяқталады.
Съезд барысында Назарбаев Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Олардың басым бөлігі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға берілуі тиіс.
"Баспанамен қамту мәселесі де маңызды. Үкіметке "Нұрлы жер" арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырамын. Ол аренда жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшін 7 жыл бойы жыл сайын 50 млрд теңге бөлінеді. Көп балалы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін ТҚЖБ арқылы 2-3 пайызбен беруді тапсырамын. Ол үшін ТҚЖБға қосымша қаржы керек", - деді Елбасы отырыс барысында.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру