Астана қаласында Нұрсұлтан Назарбаев төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі өтіп жатыр. Съезд партияның 20 жылдық мерейтойына ойластырылған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Съезд барысында Назарбаев халықтың әлеуметтік жағдайына көбірек тоқталды. Жалақы мен көп балалы отбасылар үшін жәрдемақыны өсіру, ипотека несиесі 2-3 пайыз болатын тұрғын үй салу мәселелерін айта келе Елбасы билік пен халықтың жақын болуы керектігін қатаң ескерді.
Назарбаев әкімдерді көрсеткіш қуалап, популизммен айналыспауға шақырды. Елбасының пайымынша, маңыздысы есеп емес, аймақтағы халықтың жағдайы. Президент әкімдердің халықпен кездесу форматын ауыстыру керектігін және болашақта кездесулерді қалай өткізу керектігін ойластыруды сұрады.
"Қазір әкім жылына бір рет есеп беретін болды. Бұл не деген сөз? Әкім халықпен бір күн емес, күнде кездесуі керек. Халықпен кездесу үшін бір жыл күтудің қажеті қанша?!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде мына төрт мәселе қаралады:
-Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау;
-Партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
-Саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту.
-Сьезд жұмысы сағат 14.00-де аяқталады.
Ұсынған: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру