Нұрсұлтан Назарбаев білім саласындағы ақылға қонымсыз кемшіліктері туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Елбасы үш тілділікті жүргізу барысында дұрыс бағытта келе жатқанын, алайда ақылға қонымсыз дүниелердің бар екенін тілге тиек етті.
"Білім саласындағы реформаларды да логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керек. Қазіргі заман балаларымыздан жаңа дағдыларды дамытуды талап етеді. Үштілділік қалыпты жағдайға айналуы тиіс екенін айтқан едім. Біздің балаларымыз – жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алады, біз бармаған жерлерге барады. Сондықтан қазақ және орыс тілімен қатар ағылшын тілін де меңгеруі керек. Бұл маңызды. Физика, математика, химиядан сабақ беретін мұғалімдерге ағылшын тілін үйренуге қанша уақыт кетеді? Ал біздің министрлік мұғалімдерге ертеңнен бастап ағылшынша оқытуды тапсырды. Жарайды, оларды үш айға шақырады, оқытады, бірақ үш айдың ішінде кім математиканы ағылшынға беріп кете алады? Ал бұған қыруар қаражат бөлініп отыр. Мүмкін, шетелден мұғалімдер шақырып, сабақ берген дұрыс болар ма еді?! Сондықтан бұл міндет қалады. Білім министрлігі дұрыс бағытта келе жатыр, бірақ бәрі ақылға қонымды болуы тиіс", деді мемлекет басшысы.
Ұсынған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру