Ақшалы болудың құпиясы қандай?

/uploads/thumbnail/20190227164140638_small.jpg

Ақшаны күнделікті өмірде дұрыс пайдалана білеміз бе? Психологтар мен зерттеушілердің айтуынша —ақша үлкен энергия көзі. Ақшаны үнемдеу дегеніміз не? Немесе сіздің ақшаға қарым-қатынасыңыз қалай? Қолыңызда бар ақшаны орында жұмсай аласыз ба?

Алдымен ақша сізге не үшін және қандай мақсатта қажет екенін білуіңіз керек.

Ол біреулер  машина, ал біреулер арманындағы үйді алғысы келуі мүмкін. Сіз осы ретте ойыңызды дұрыс анықтап алғаныңыз абзал.

Алдыңызға мақсат қойыңыз. Ақша мақсатсыз жиналмайды. Орыс халқында айтылатын «на черный день» деген ойдан аулақ болайық. Оның орнына  осындай ақша жинасам: шоппинг жасаймын, шетелге саяхаттаймын, ата-анаға сыйлық сыйлаймын, той жасаймын деген сияқты ойлар болу керек. Біз өз ойымыздың жемісіміз.

Саудагер, кәсіпкер болсаңыз табысыңызды арттыру мақсатында бірнеше аффирмация айтуға да болады. «Менің табысым күннен-күнге молайып келеді», «Алла мені сүйеді, бар жағдайымды жасайды» деген сияқты жақсы сөздер айтып жүру керек. Аффирмация айтып қана қоймай, іс-әрекет те жасаймыз. Жатып алып «алма піс, аузыма түс» десең, ешқашан түспейді. Еңбек етпесең, ақша да аспаннан жаумасы анық.

Үнемі жақсы ой ойлап, көтеріңкі көңіл-күйде жүріп, жаман ойлардан аулақ болу. Не қалайсыз, не кигіңіз келеді, қандай үйде тұрып, қандай машина мінгіңіз келеді? Осы нәрселерді ойша елестете отырып нақты визуализация жасау.

Ақша тазалықты, дәлдікті жақсы көреді. Мысалы: дүкен сатушысымен есептесіп жатсаңыз, ол сізге қателесіп артық ақша беріп қойса қайтарып беру қажет.

Ақшаны үнемдеу дегеніміз өзіңнің бар қажетті дүниелеріңнен бас тарту деген сөз емес. Керек дүниелеріңді саралап, орнымен сатып алу. 

Әр ай сайын отбасы бюджетін жүргізіп, кіріс-шығысты анықтап отыру. 

Қолдан келгенше қайырымдылық жасау, садақа беру. Біреуге ақша бере алмасаңыз, жылы сөйлеп, көңілін көтеріп, мейірлене қарау да садақаға жататынын ұмытпайық.

Әрдайым «ақша жоқ» деген сөзден аулақ болу. Миыңызды кедейлікке емес байлыққа толтырыңыз.

«Ерте тұрған адамның ырысы артық» дейді дана халқымыз. Бұл туралы Қасиетті Құранда да «күн шыққанша ұйықтамаңдар» деген аят бар.

Ерте тұрып, ерте қимылдаған адамның жұмысы өніп, табысы молаяды.

Кедейлік санасынан құтылу үшін психологиялық кітаптар оқу да пайдалы.

С. Давлатов "Я и деньги. Психология богатства", Джон Кехо "Подсознание может все", Н. Хилл "Думай и боготей", Қ. Шонбай "Екінші болма" кітаптарын оқуға кеңес беремін.

Дайындаған: Әсем Мерекеқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар