Бұрынғы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өзінің жаңа қызметі туралы пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып.
Қасымов мұндай лауазымды қызметке тағайындаламын деп ойламаған көрінеді.
"Біз пагон таққан қызметкерлерміз. Қандай бұйрық шықса соны мүлтіксіз орындаймыз. Әрине, өмір бақи бір орында отыра алмаймыз. Жақында жаңа қызметте жұмыс істейтін боламын. Бұл өте күрделі әрі үлкен жауапкершілікті қажет ететін жұмыс. Көптеген бағыттар бар: қорғаныс өнеркәсібі, қорғаныс қауіпсіздігі және қоғамдық қауіпсіздік, тіпті қоршаған орта. Барлық осы аспектілер бақыланады. Күн сайын біз құжаттарды Елбасыға көрсетіп, есеп беріп отырамыз", дейді Қасымов.
Сондай-ақ ол қазіргі ІІМ төрағасы Ерлан Тұрғымбаев туралы да пікір білдірді.
"Ол 6 жыл менің орынбасарым болған білікті маман. Өз қызметін мүлтіксіз атқарады", деп қысқа қайырды Қалмұханбет Қасымов.
Еске сала кетсек, 12 ақпанда Қалмұханбет Қасымов президент кеңесшісі және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.
Аударған: Әсел Болатқызы
Пікір қалдыру