Мәскеу: Атамбаевтың даты, Каримовтың "маты" және Лукошенконың қалжыңы

/uploads/thumbnail/20170708180209869_small.jpg

  Мәскеуде  Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми саммиті өтті. Саммит барысында тараптар  мереке жайын талқылап, Кеңес Одағының Еуропа мен бүкіл әлемді фашизмнен құтқарудағы шешуші үлесін атап өтті. Сонымен қатар, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кезекті отырысын биылғы қазан айында Астанада өткізу мүмкіндігі қарастырылды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолғы кездесу ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көрсетілген құрмет екенін атап өтті. Мемлекет басшысы қазіргі кезде жекелеген саясаткерлер мен мемлекеттердің соғыс қортындысын тарихи деректерді бұрмалау арқылы қайта қарауға ұмтылысы байқалып отырғанына тоқталды. "Мұндай әрекет бізге жарамайды. Біз Жеңіс туралы ақиқатты бірлесіп сақтауға, болашақта осындай қасіретті болдырмас үшін келесі ұрпаққа айтып жеткізуге тиіспіз",-деді Нұрсұлтан Әбішұлы. ТМД мемлекеттері басшыларының бұл жолғы жиынында біраздан Ресейге қыңыр қарайтын Ислам ака Каримов (Өзбекстан) пен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбав арасында дау шықты. Алмазбек Атамбев өз кезегінде жеңістің 70 жылдығына орай Мәскеуде өткен мерекелік парадқа қатысудан бас тартқан ТМД елдері Президенттерін қатаң сынға алды. Атамбаевтың айтуынша, олар Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен зұлматты жылдарда опат болған майдангерлерге, тыл ардагерлеріне құрметсіздік көрсеткен. "Бүгін өткенін ұмытқандар, болашақтың алдында жауап береді",-деді Алмазбек Атамбаев мырза. Сондай-ақ, Атамбаев мырза отты жылдары Қырғыз Республикасынан ұрыс даласына аттанған әр төрт жауынгердің үшеуі майдан даласынан оралмағанын айта келе, "біз бүгін өткен тарихымыздан безіп кете алмаймыз",-деді. Атамбаевтың айтқан датына өзбек Президенті Ислам Каримов өз жауабын қайтарған. "Мен Атамбаев мырзаның бұл мәлімдемесін өте сауатсыз әрі тактикалық мазмұнға жатпайтынын айтқым келеді. Сіз айтып отырған, тарихты біз жақсы білеміз",-деді Ислам Каримов. Владимир Путин өз кезегінде мемлекеттердің басшылары атынан Нұрсұлтан Назарбаевты өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ, Ресей Президенті Қазақстан биыл ТМД-ға төрағалық ететінін атап өтті. Мәскеудегі ЕАЭО-ға мүше елдері басшылары жиынында Белорусия Президенті Александр Лукашенко жұмысты тезірек аяқтап, Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға ауысуды ұсынды деп хабарлайды news.mail.ru. Лукашенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты жуырдағы Президент сайлауындағы кезекті жеңісін қағытпа қалжыңмен құттықтады.   "Әрине,  Назарбаев жаңа сайланған Президент.  Қазір оның күш-қайраты, энергиясы тасып тұр ғой. Бұл кісіге салсақ, жұмыстан бас көтере алмай қаламыз",-деп ЕАЭО басшыларын күлдірді. Мәскеуде өткен ЕАЭО-ның жоғарғы кеңесінің қортынды жиынында сөз алған Белорусия Президенті Лукашенко мырза: "Біз мерекеге жиналдық. Ал өзіміз болсақ түнге дейін жұмыс істеп отырмыз. Шын айтам, бұлай болмайды ғой. Осы Ресейге келе қалсаң болды, жұмыс табылып тұрады",-деп Президенттердің езуіне тағы бір қысыр күлкі үйірді. Ары қарай Лукашенко өз сөзін "Иә, ең аз дегенде сынды дұрыс қабылдарсыздар, әйтпегенде мақтай береміз, мақтай береміз. Осыны тоқтатамыз-ау",- деп жалғастырды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар