Елімізде тағы бір пантеон салынбақ

/uploads/thumbnail/20190228151741804_small.jpg

Қазақстанда тағы бір пантеон пайда болуы мүмкін. Оны Қостанай облысында салмақ. Пантеон 7-9 орынға есептелген. Оның нобайы да дайындалып қойыпты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Амангелді ауданындағы Кейкі батыр ескерткішінің маңына мазар, мұражай, көрме және кинозал салу жоспарланып отыр. Бұл облыстағы шалғайдағы аудандардың бірі. Мұндай жобаға бастамашы болған жергілікті заңгердің сөзінше, кешеннің құрылысы өңірге туристерді тартады.

Кешен демеушілердің қаржысына салынатын болады. Әзірге оның жобасы бекітілген жоқ. Авторлар облыс басшысымен кездесуді күтіп жүр. Ол жерге кімді және қандай қызметі үшін жерлейтіні әзірге белгісіз.

Ал бұл жаңалық қоғамда түсінбестік туғызды. Бірі пантеонға наразы болса, енді біреулері мұның еш мәні жоқ екенін айтады.

«30-40 жылдан кейін келешек ұрпақ осы жерге келіп, отанына қызмет етіп, Қазақстанның құрылуына атсалысқандарды еске алуы үшін бұл жер өте керек», – дейді тұрғындардың бірі.

«Ондағы мазар кімнің бай екенін көрсетіп, адамдарды бөледі, бос шығын біздің ұрпағымыз білуі үшін. Олар қазір ештеңе білмейді ғой. Лениннің кім екенін сұраңызшы, олар білмейді», – дейді Қостанай облысының тұрғындары.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар