Қазақстан Ауғанстандағы инвестициялық жобаларға қатыспақ

/uploads/thumbnail/20190304162404511_small.jpg

Қазақстан алдағы уақытта Ауғанстандағы инвестициялық жобаларға қатысуға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kaztag.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Қазақстан Ауғанстанға экспортты ұлғайтуды және сол елдегі инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Бұл жайында Мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Индустрия және инфрақұрылым вице-министрі Тимур Тоқтабаев мәлімдеді.

«Қазірде 520 миллион долларға бағаланған шикізат өнімдері Ауғанстанға экспортталды, алайда бұл процес 4 позиция бойынша жүзеге асырылды – бидай, ұн, жалға беру, зығыр тұқымдары мен табиғи газ. Сонымен қатар, біздің экспортымыздың тағы 24 тауарлық потенциалы бар», - деп айтты Тимур Тоқтабаев.

Оның айтуынша, бұл іске қатысты жұмыстар басталып кеткен, сондай-ақ біздің шекаралас көршілеріміз – Өзбекстан, Түрікменстан және Ауғанстанның өзінің көмегімен бірлесіп жұмыс жасалуда.

Вице-министр басты мәселе – Өзбекстан мен Түрікменстан шекарасындағы терминалдардың жүктелуі екендігін айтып отыр.

«Жаңа терминалдардың құрылысы бірінші кезеңде орынсыз деп танылған еді, ал екінші кезеңде жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда», - деп айтты вице-министр.

Сондай-ақ, Тимур Тоқтабаев Ауғанстан шекарасында да жаңа жүк терминалдары құрылысын бастау жоспарда бар екендігін айтып өтті.

Ұсынған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар