Қазақстандық кәсіпқой бокс бойынша бірқатар чемпиондар лигасының жеңімпазы Фируза Шарипова Владимир Путинмен бірлесіп оқу-жаттығу өткізгісі келетіндігін айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Russia Today сайтына сілтеме жасап.
Фируза Шарипова спорттық жекпе-жектің біраз биік шыңдарын бағындыра білген боксшы. 24 жаста болса да, брокерлік боксшы екі салмақ категориясында бірнеше рет чемпиондық белдікті иемденді. Ал қазір ол әлем чемпионы атағын жеңіп алу үшін қызу дайындық жүргізіп жатыр.
"Мен Путинмен бірге достық жаттығуын өткізгім келеді. Бұл тек спаринг болады", - дейді Фируза Шарипова.
Сондай-ақ қазақстандық боксшы ашық-шашық фотосессияларға қатысты өз ойымен бөлісті.
"Мен Playboy-дағыдай секілді ашық-шашық фотосессияларға қарсымын", - дейді Фируза.
Сонымен қатар Фируза Шарипова алдағы уақытта Головкин секілді жетістікке жеткісі келетінін айтты.
"Геннадий Головкин Олимпиаданың күміс жүлдегері. Мен де дәл сол секілді биік деңгейге жеткім келеді және оған жететініме сенімдімін. Біздің алдағы уақытқа құрған жоспарымыз әрі мақсатымыз көп. Қазіргі таңдағы менің басты — мақсатым әлем чемпионы атағы мен олимпиаданың алтын медалін иемдену", - деп алдағы жоспарларымен бөлісті боксшы қыз.
Аударған: Фариза Жомартқызы