«Тақиялы тиін». Атышулы мүсініміз Наурызға дайын

/uploads/thumbnail/20190305162807438_small.jpg

2018 жылдың маусымында Алматы тұрғындарының назарын түгелдей өзіне аударған әрі сынына қалған "ғажап" туынды – алып тиін жайлы бүгін тағы айтылды. 

Атышулы тиінді енді Наурыз мейрамына қарсы сәндемек. Басына тақия кигізіп, қолына алып жаңғақтың орнына қызғалдақ гүлін ұстатып қоймақ. «Дәл осындай күйде әлгі тиін бір ай бойы қалаға көрік сыйлап тұрады» дейді мүсінді құрастырушылар. Ал тиінді сәндеу үшін Funk агенттігіне 170 мың теңге қаражат шығару керек.

♦Түймедейді түйедей ететін тиіннен алматылықтардың айырмашылығы жоқ деді Байбек

«Қызғалдақ көзге көрінерліктей ашық түстен болады. Осылайша тиін дәстүр мен жаңа ғасырды ұштастырып тұраады әрі мерекенің символына айналмақ, одан көктемнің шуақты күндерінің лебі сезіліп тұрса дейміз», - делінген Funk агенттігінен хабарламасында.

22 наурыз күні арт-нысанның айналасында NowRyz party атты фесиваль өткізу жоспарланып отыр.

♦Алматыдағы алып тиінді жасау үшін  23 млн теңге кеткен

Ал тиіннің айналасына қазақ үйлер тігіліп, тегін бауырсақтар таратылады.

Естеріңізге сала кетейік, алматылықтардың сынына айналған алып тиіннің мүсіні «Атакент» көрмесінің алдында шілденің басында пайда болған еді. Анықталғандай тиінді жасау үшін мемлекеттік және жобаны ұйымдастырушы компанияның бюджетінен жалпы 23 миллион қаражат кеткен. Ал жоба авторы – суретші Алекс Ринслер.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар